Қазақстанда АИ-92 бензині бір жылда 15 пайызға қымбаттаған

19 Сәуір 2018, 11:22
0
Қазақстанда АИ-92 бензині бір жылда 15 пайызға қымбаттаған - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бір жылда 15 пайызға қымбаттаған. Ал жазғы және қысқы отын бір жылда бірден 23-24 пайызға қымбаттаған, - деп жазады Еnergyprom.kz сарапшылары.

Cарапшылардың мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығы аралығында 830,8 мың тонна бензин өнідірілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,6 пайызға көп екен.

"Бірақ дизель отынының көлемі айтарлықтай азайды: осы жылдың басынан бері 1,06 миллион тонна өндірілді. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға кем", - дейді мамандар.

Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, дизель отыны көбіне Павлодар облысында өндірілген. Онда 442,9 мың тонна отын өндірілген. ОҚО (285,7 мың тонна) мен Атырау облыстарында (283,4 мың тонна) да дизель көлемі көп екені айтылады.

"АИ-92 бензинінің бағасы бір айда 1,1 пайызға қымбаттап, 2018 жылдың наурыздағы жағдайы бойынша 163,4 теңгеге тең болды. Бірақ оның бағасы бір жылда 14,9 пайызға қымбаттады. Ал АИ-95/96 бензины бір айда 0,2 пайызға қымбаттап, литрі 178,2 теңге болды.  АИ-98 бір айда 0,9 пайызға қымбаттап, 192,1 теңгеге жетті", - делінген мамандардың зерттеуінде.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай