10 ақпан 2017 15:20

Қазақстанда әкімшілік айыппұлдардың сомасын азайту жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет министрлігі әкімшілік айыппұлдардың сомасын азайтуға арналған заң жобасын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әділет министрлігі әкімшілік айыппұлдардың сомасын азайтуға арналған заң жобасын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Министрлік мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып, "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жобасын жасады. Осы заңнамаға сәйкес, әкімшілік айыппұлдардың көлемін қысқарту, сондай-ақ, ескерту түрінде жасалған әкімшілік жазалардың баптарын көбейту ұсынылады", - деді Әділет министрі Марат Бекетаев алқа отырысы барысында.

Әділет министрінің айтуынша, жазаны жеңілдететін жағдайлар болғанда салынатын әкімшілік айыппұлдың сомасын жалпы сомадан 30 пайызға дейін азайту ұсынылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети