01 ақпан 2016 | 10:46

Қазақстанда ақпан айы жылы болады - синоптиктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында жылы, нормадан 1 градусқа жоғары болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Тек оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы климаттық норма шамасында болатыны айтылады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында жылы, нормадан 1 градусқа жоғары болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Тек оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы климаттық норма шамасында болатыны айтылады.

Елдің батысында шамадан тыс жауын-жашын, ал қалған территорияда норма шамасында болады. Айдың бірінші декадасында жауын-шашын күтіледі, бұл жиі келетін белсенді циклондарға байланысты. "Екінші декадада солтүстік бөлікте түнде ауа температурасы 7-17 градус аязға дейін, күндіз 2-10 градус аязға дейін түседі, оңтүстік бөлікте жылымық, күндіз 0-8 градус жылы, ал соңында температура аздап түседі", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.  

Ақпанның екінші декадасы орташа деңгейде жауын-шашынды болады. Ауа температурасы солтүстік бөлікте 25-32 градусқа дейін түседі, республиканың шығысында 32-38 градус аязға дейін, күндіз 12-20 градус аязға дейін, оңтүстік бөлікте түнде 15-22, күндіз 6-15 градус аяз болады делінеді. Ал үшінші декадада республиканың басым бөлігінде түнде 15-22, күндіз 6-15 градус аяз күтіледі екен. Бірақ үшінші онкүндікте республиканың басым бөлігінде белсенді циклондардың өтуіне байланысты қар жауып, жел тұрып, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін, сонымен қатар ауа температурасы солтүстікте күндіз 3-8 градус аяз, ал оңтүстікте 7 градус жылы болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети