Қазақстанда ақпанда ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ақпанда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, ақпанның бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстік жартысының тұрғындарын жылы және жауын-шашынды ауа-райы күтеді. Оңтүстік циклондардың жиі шығуы қарқынды жауын-шашынның түсуіне әкеледі, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде -2+5°С-қа дейін, күндіз +5+12 градусқа дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында қайтадан түнде -3-15 градусқа дейін, күндіз 0,+8 градусқа дейін салқындайды.

"Еліміздің батыс аймақтарына Солтүстік-батыс циклонмен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, бірінші онкүндікте батыс аймақтардың тұрғындарын ауа-райының тұрақсыз сипаты, жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі аралас жауын-шашын мен екпінді жел күтеді. Ауа температурасының күндізгі фоны -3+5 градусқа шегінде болжанады", - делінген хабарламада.

ҚР қалған аймақтарында бірінші онкүндіктің бірінші жартысында Сібір антициклонының әсерімен аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кезеңнің екінші жартысында Сібір антициклоны әлсірейді, Жерорта теңізі аудандарынан циклон республиканың солтүстік-батысына қарай жылжиды, еліміздің солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың күшеюімен қар жауы, бұрқасын, желдің күшеюі 15-25 м/с дейін болжанады.

Ауа температурасы жоғарылайды:

еліміздің солтүстігінде түнде -20-28°С-тан -15-20 градусқа дейін, күндіз

-8-18 градустан -5-10 градусқа дейін;

орталық аймақтарда ауа температурасы түнде -13-28 градустан -7-15 градусқа дейін, күндіз -7-12 градустан -1-7градусқа дейін ауытқиды;

еліміздің шығысында ауа температурасының басым фоны түнде

-15-28 градус, күндіз -5-15 градус шамасында болжанады.

"Ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстік жартысында және Жетісу облысының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1 градустан жоғары болады деп күтіледі", - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Ақпанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Абай облысының қиыр оңтүстік-шығысында және Жетісу облысының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан көп болады деп болжанып отыр.

Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде республика бойынша ауа-райының тұрақсыз сипаты болжанады: еліміздің басым бөлігінде негізінен қармен бұрқасын, ҚР оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.

Ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

еліміздің батыс өңірлерінде түнде -15-25 градустан -7-15 градусқа дейін, күндіз

-5-10 градустан -5+5 градусқа дейін;

республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде

-20-30 градустан -10-15 градусқа дейін, күндіз -10-15 градустан -2-7 градусқа дейін;

ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -10-18 градустан 0,-5 градусқа дейін, күндіз 0,-5 градустан +3+10 градусқа дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети