Қазақстанда ақпанның аяғынан бастап тағы екі тасжол учаскесі ақылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ақпанның аяғынан бастап тағы екі тасжол учаскесі ақылы болады

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 22 ақпаннан бастап Қазақстандағы екі жол учаскесі ақылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 22 ақпаннан бастап Қазақстандағы екі жол учаскесі ақылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 7 ақпанда қол қойған №39 және №40 бұйрықтарға сәйкес, Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) және Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) бағытындағы тасжол учаскелері жүк көліктері мен автобустар үшін ақылы болмақ.

Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) тасжолы

Жаңа ақылы учаскенің ұзындығы – 163 шақырым, 539-шақырымнан 376-шақырымға дейін (М-36). Автомобилистер балама бағыт ретінде Қостанай – Рудный – Әйет – Ресей Федерациясының шекарасы және Ресей Федерациясы (Екатеринбург) – Алматы жолдарын пайдалана алады.

Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) тасжолы

Ақылы учаске 17-шақырымнан 99+692 шақырымға дейінгі бөлікті (82,7 шақырым) қамтиды. Бұл учаскені айналып өту үшін Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орск) бағыты бойынша жүруге болады.

Төлем автоматты режимде жүзеге асырылады – шлагбаумдар мен стационарлық бекеттер болмайды. Аркада орнатылған камералар көлік қозғалысын, жылдамдықты және қарқындылықты тіркейді.

Төлеудің 10-ға жуық әдісі қарастырылған: интернет-банкинг, терминалдар, электронды әмияндар, телефон балансы, жанармай карталары (E100), сондай-ақ заңды тұлғалар үшін келісімшарттар. Алдын ала төлем жасаған жағдайда жол жүру құны төмен болады.

Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) тасжолы бойынша төлем мөлшері:

  • 16 орынға дейінгі автобустар, 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 515 теңге (алдын ала төлем), 600 теңге (кейінгі төлем);
  • 32 орынға дейінгі автобустар, 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 1040 – 1220 теңге;
  • 32 орыннан жоғары автобустар, 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 1545 – 1820 теңге;
  • 10-15 тонна жүк көліктері: 2080 – 2440 теңге;
  • 15 тоннадан жоғары, тіркемелері бар жүк көліктері, седельді тартқыштар: 2580 – 3040 теңге.

Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) тасжолы бойынша төлем мөлшері:

  • 16 орынға дейінгі автобустар, 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 1010 – 1190 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар, 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 2055 – 2415 теңге;
  • 32 орыннан жоғары автобустар, 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері: 3065 – 3610 теңге;
  • 10-15 тонна жүк көліктері: 4100 – 4825 теңге;
  • 15 тоннадан жоғары, тіркемелері бар жүк көліктері, седельді тартқыштар: 5120 – 6030 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети