Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанда ақылы жолдар жылына 220 млн доллар пайда әкеледі

14 Қыркүйек 2014, 16:46
0
"Астана-Щучинск" ақылы жолы. ©idrive.kz
"Астана-Щучинск" ақылы жолы. ©idrive.kz

2022 жылға қарай Қазақстанда ақылы жолдар мемлекет бюджетіне жылына 220 млн. доллар пайда әкеледі, деп жазады "Литер" . Еліміздегі республикалық маңызы бар тас жолдардың құрылысы 2020 жылы аяқталады деп күтілуде. Осы уақытқа дейін жолдарды ақылы ету жүйесі де ретке келтіріледі. Бұл жүйе екі жылда бюджетке 41 миллиард теңге пайда әкелмек. 

 "КазАвтоЖол" ҰК" АҚ  басқарма басшысы Берік Камалиевтің айтуынша, 2016 жылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік коридорының жөндеу жұмыстары бітпек, ал 2020 жылға қарай Орталық – Оңтүстік,  Орталық – Шығыс, Орталық – Батыс бағыттары бойынша ірі үш жобаның құрылысы аяқталды деп күтілуде. 2020 жылға қарай республикалық желілердің 48 пайызы бірінші және екінші техникалық категорияға жататын болады.

"Біздің жоспарымызда 2020 жылға дейін республикалық маңызы бар тас жолдардың 7 шақырымына ақылы жүйені енгізу қарастырылып отыр. Автокөлік жолдарында ақылы жүйені енгізуде бірінші категория бойынша  барлық көліктерге ақылы болады, екінші категорияда тек жүк көліктеріне ақылы болмақ. Қорыта айтқанда, 2022 жылға қарай ақылы жолдан мемлекет бюджетіне 41 миллиард теңге (220 миллион доллар) пайда түседі.  Бұл қаржы еліміздегі ақылы жолдарды қамтамасыз етуге толығымен жетеді, бюджетке салмақ түсірмейді" дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ақылы жолдар Қазақстанда 2015 жылы пайда болатыны айтылған болатын.  2014 жылы түрік компаниясы Vendekaмен Астана – Атбасар территориясындағы РФ шекарасы (Екатеренбург) – Алматы, Шымкент – Қызылорда, РФ (Самара) 0 Шымкент автокөлік жолдарына ақылы жүйені енгізуге негізделген инвестициялық жобаны бастауға келісім жасалды. Бұл жүйенің тест түріндегі нұсқасы 2015 жылы жұмысын бастайды, дейді Көлік және байланыс министрі Жеңіс Қасымбек. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай