29 шілде 2024 | 10:12

Қазақстанда алаяқтық жасағаны үшін сотталған адам ақталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Бас прокурордың наразылығы бойынша бұрын Жоғарғы Сотта сотталған қазақстандық ақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурордың наразылығы бойынша бұрын Жоғарғы Сотта сотталған қазақстандық ақталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы Алтынсарин аудандық сотының апелляциялық сот алқасы өзгеріссіз қалдырған үкімі бойынша, Кенжеғарин ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігі бойынша алаяқтық жасағаны үшін 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған.

"Атап айтқанда, Кенжеғарин Қостанай облысы Алтынсарин ауданының заңдастыру комиссиясына құжаттарын тапсырып, Малая Чураковка ауылында орналасқан пәтерді заңдастырып, тіркеуге алған. Кейін заңдастыру туралы шешім Қостанай облысының апелляциялық сотымен заңсыз деп танылды, өйткені Кенжеғарин комиссияға пәтерді сатып алу туралы жалған ақпарат берген", - делінген хабарламада.

Аталған сот шешімі Кенжегаринді алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болған.

"Шын мәнінде, іс бойынша жауап алынған куәлар пәтерді 1997 жылы бұрынғы иесі Кенжеғаринге 100 мың теңгеге сатқанын растаған. Кенжеғарин куәлардың көзінше ақшаны қолхатсыз тапсырған. Сатушыда пәтердің өзіне тиесілі екенін растайтын құжаттары болмаған, өйткені ол да оны бұрынғы меншік иесімен ауызша келісім негізінде алған.

Мұндай жағдайда Кенжеғарин азаматтық сотқа шағымдану арқылы мәмілені орындалды деп тану арқылы пәтер иесімен мәселені шешуі керек еді".

Осылайша, Кенжеғариннің әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ, өйткені оның алаяқтық ниеті болмаған.

"Жоғарғы сот Бас Прокурордың Кенжеғарин мен пәтер сатушысы арасында азаматтық-құқықтық қатынастар туындағаны, ол қылмыстық қудалауды болдырмайды деген наразылық уәждерімен келісті.

Бас прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы Сот Кенжеғаринді ақтады."

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети