Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Қазгидромет 12, 13, 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 12, 13, 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел соғады.

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, 12 шілдеде батысында жоғары қысым әсерінен күн ашық әрі ыстық болады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді.

"Күндіз еліміздің батысында 35-39°С қатты ыстық, кей аудандарда 40–42°С аптап ыстық болады. 12-13 шілдеде оңтүстік-батыста 39-44°С, ал 14 шілдеде 38-42°С ыстық болады. Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 17-25°С-тан 15-23°С-қа дейін сәл төмендейді. Шығыста температура негізінен 22-30°С шамасында болады. Оңтүстікте 40-43°С аптап ыстық, ал оңтүстік-шығыста 35-38°С қатты ыстық болады", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети