Қазақстанда алдағы жеті жылда сұраныста болатын мамандықтар тізімі жарияланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы жеті жылда сұраныста болатын мамандықтар тізімі жарияланды

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы алдағы жеті жылда Қазақстанға екі миллионға жуық жұмысшы қажет, бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында болады деген болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ең алдымен елге есепші, күзетші, сатушы, мұғалім қажет. Сондай-ақ, ең танымал лауазымдарға жүргізуші, медбике, шаштараз және еден жуушылар кіреді.

Мамандар бұны осы сала жұмысшыларының еңбегін ешбір технологиямен алмастыра алмайтынымен байланыстырады.

"Қандай жағдайда да осы мамандықтар сұранысқа ие болады, өйткені оларды автоматтандыру өте қиын", - деді жұмысқа қабылдау жөніндегі маман Әйгерім Серікова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети