16 қараша 2016 | 12:06

Қазақстанда алдағы күндері 40 градус аяз болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2016 жылдың 17-19 қарашасына арналған болжам жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 2016 жылдың 17-19 қарашасына арналған болжам жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Аномальды аяз Қазақстанның солтүстік пен шығыс облыстарына орнықты. Орташа тәуліктік ауа температурасы бұл аудандарда осы кезең үшін климаттық нормадан 10-18 градус төмен. Мұндай аяз Кар теңізі үстінде қалыптасқан салқын және қатты антициклонның әсерінен болуда", - делінген синоптиктердің хабарында.

Сонымен қатар, антициклонмен республика аумағына арктикалық ауа ағыны келуде, сондықтан минималды температура 30-36 градус аязға дейін төмендеді. Осындай синоптикалық жағдай алдағы үш тәулікте сақталады, ал орталық пен шығыста түнгі температураның әрі қарай төмендеуі, жекелеген аудандарда 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында суық фронттың әсерінен жауын-шашын, қар және температураның әрі қарай төмендеуі күтіледі екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети