28 маусым 2024 12:10

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 29, 30 маусым және 1 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер Қазақстанда 29, 30 маусым және 1 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде нөсер болады. Бұршақ, дауыл және желдің күшеюі күтіледі.

"Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, Қазақстанның солтүстігінде және орталығында +18+28 дейін, шығыста +20+35 дейін, оңтүстікте +23+33 дейін, оңтүстік-шығыста +16+33 градусқа дейін түседі, ал елдің батысы мен солтүстік-батысында күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 471.84   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети