Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережелері өзгеруі мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережелері өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте ІІМ мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережелері өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте ІІМ мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында депутат Екатерина Смышляева жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі туралы мәселені көтерді. Оның айтуынша, өңірлерде қазақстандықтар көлік жүргізу куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру үшін алысқа баруға мәжбүр. Бұл ретте әлеуетті жүргізушілер контингенті өсіп келеді.

Депутат Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілдеріне бүгінде бұл жағдайды шешу үшін қандай шаралар қабылданғанын және алдағы уақытта емтихан алуды ұйымдастыру мен жүргізуші куәліктерін беруге қатысты қандай шешім қаралатынын сұрады.

ЦДИАӨМ басшысы Жаслан Мәдиев қазіргі уақытта емтихандарды өткізуге жүктемені азайтуға көмектесетін онлайн-брондау құралы қосымша енгізілгенін айтты. Бұл ретте министр жеке жойылатын елеулі проблемалардың бар екенін мойындады.

"Бүгінде прокторингті қолдана отырып, онлайн-тестілеуді енгізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Мұндай механизмдер дамыған елдерде қолданылады: АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия. Сұрақ өте маңызды, сондықтан өте мұқият зерттеуді қажет етеді. Теориялық бөлікке қатысты. Тәжірибелік бөлім – бұл жерде IT-компанияларымен біз емтихан тапсыруды тіркейтін компьютерлік көру деп аталатын сәйкес computer vision алгоритмдерін енгізу нұсқаларын қарастырамыз", - деді Жаслан Мәдиев.

ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев облыстық арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтихан тапсыру кезінде қиындықтар болатынын айтты.

"Өздеріңіз білесіздер, 2019 жылдан бастап осы функциялардың барлығы мемлекеттік корпорацияға тапсырылды, сол кезде өзіміздің аудандық емтихан қабылдау бөлімшелерімізді қысқарттық. Қазір емтихандарды қабылдау бойынша бірыңғай провайдер - бұл ЦДИАӨМ-ге жататын мемлекеттік корпорация.

Шынында да, бүгінде адамдар облыс орталықтарында практикалық және теориялық емтихандарды тапсыруы керек. Бұл сапарларға, шығындарға және кезекке байланысты. Менің ойымша, бұл жерде емтихандарды қабылдау үшін аудандық мамандандырылған ХҚКО-лардың жабдықтары мәселесін шешу қажет", - деді ІІМ басшысының орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer