Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото: pixabay.com

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Батыс Сібір орталығынан созылып жатқан циклон әлі де республиканың шығыс жартысына әсер етіп, қолайсыз ауа райын қалыптастырады. Мұнда жаңбыр жауады, шығыс пен оңтүстік-шығыста нөсер болады. Сондай-ақ, найзағай ойнап, бұршақ жауып және екпіні күшті жел соғады.

"Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде ауа температурасы түнде 5-13, күндіз 15-23 градусқа дейін, оңтүстік бөлігінде түнде 8-18, күндіз 18-34 градусқа дейін, ал батыс бөлігінде түнде 17-27, күндіз 30-40 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама