Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото: elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 наурызға, сондай-ақ 1 және 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 наурызға, сондай-ақ 1 және 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, еліміздің солтүстік аймақтарына Батыс антициклоны келеді. Антициклон әсерінен республиканың шеткі батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, басқа өңірлерде жауын-шашын тоқтайды.

"Сондай-ақ, антициклон еліміздің барлық аумағында ауа температурасының көтерілуіне әсер етеді, бұл қазақстандықтарға нағыз көктемді сезінуге мүмкіндік береді.

Күндіз батыста термометрлер +10 +20 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста +5 +13 градусқа дейін, ал оңтүстікте +15 +23 градусқа дейін жетеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети