Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

"Қазгидромет" РМК мамандары 12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК мамандары 12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, орталығы Салехард аймағында орналасқан Солтүстік антициклонның жотасы еліміздің солтүстік бөлігіне әсер етеді, оңтүстік өңірлер төмен қысым мен фронтал бөліктер ықпалында болады. Республиканың басым бөлігінде күн жылынған сайын ауа массалары тұрақсыз болады, бұл жауын-шашынның түсуіне себепші болады: 12-13 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында найзағай, жел соғып, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Ауа температурасы күндіз батыста +34+42 градус, оңтүстік-батыста + 40+45 градус, солтүстік-батыста +28+35 градустан +30+40 градусқа дейін, солтүстікте +25+33 градустан +22+30 градусқа дейін ауытқиды, орталықта +22+30 градус, шығыста ауа температурасының +22+32 градустан +17+25 градусқа дейін төмендеуі, оңтүстікте температураның +29+37 градустан +32+40 градусқа дейін, елдің оңтүстік-шығысында + 22+32 градустан +25+35 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети