Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото: elements.envato.com

Синоптиктер 2, 3 және 4 тамыздағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2, 3 және 4 тамыздағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қатты нөсерден кейін Солтүстік антициклон ықпал етеді.

"Түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, аспанда бұлттар көбейеді, жаңбыр болжанады, ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, тіптен қатты жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.

Республика бойынша найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, республиканың солтүстігінде тұман күтіледі.

"Күндіз батыста +28 +33 градус, оңтүстік-батыста +33 +38 градус, солтүстік-батыста +18 +28 градус. Солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде термометрлер +7 +12 градусқа дейін төмендейді, күндіз негізгі фон +17 +28 градус, елдің оңтүстігінде болса +25 +34 градус болады. Ал оңтүстік-шығыста +30 +35 градустан +25 +30 градусқа дейін төмендейді, таулы аудандарда +22 градус болады", - делінген болжамда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети