Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер Қазақстанда 23-25 ​​қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда 23-25 ​​қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысында және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кезеңнің басында солтүстік өңірлерде, Қарағанды облысында жаңбыр жауады, содан кейін жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Түнде таулы аймақтарда жаңбыр қарға ауысуы мүмкін.

"Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз Қазақстанның батысында 25-30 градусқа дейін күн жылиды, солтүстік, оңтүстік өңірлерде және елдің орталығында 18-23 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады, республиканың шығысында температура 7-13 градусқа төмендейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети