Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 9-11 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 9-11 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулік ішінде арктикалық антициклон ықпалымен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды және жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі. Ал атмосфералық фронталь бөлімдер әсерінен еліміздің шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, елдің оңтүстігінде 9-11 желтоқсанда тау бөктерінде, таулы аудандарда қалың қар жауады.

"Түнде ауа температурасы солтүстік-батыста 20-37, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігінде 40-43, орталықта және шығыста 40-43 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша күн нөлден 25-35 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман түседі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course up  595.85  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети