Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Синоптиктер Қазақстанда 19, 20 және 21 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда 19, 20 және 21 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы үш күнде ел аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді, бұл ауа райының тұрақсыз сипатына алып келеді, жауын-шашын болады. Қарағанды облысының оңтүстігінде 21 наурызда түнде қатты жауын-шашын, Маңғыстау облысының батысында және оңтүстігінде 20 наурызда күндіз қатты жаңбыр, Қызылорда облысында 21 наурызда, Түркістан облысында 20-21 наурызда, Жамбыл облысында 19, 20-21 наурызда түстен кейін қатты жаңбыр, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 21 наурызда қатты жаңбыр жауады деп болжанған.

20-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады, солтүстікте және орталықта қар жауады, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.

"Елдің басым бөлігінде ауа температурасы солтүстік жартысында түнде 7-18 аязға дейін, күндіз 6 градус аяз - 6 градус жылыға дейін, республиканың оңтүстік жартысында түнде 0-10 градус аязға дейін, күндіз 3-18 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети