Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 20, 21 және 22 ақпан күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 20, 21 және 22 ақпан күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстан тұрғындары климаттық айырмашылықты айқын сезінеді.

"Елдің солтүстік өңірлеріне антициклон әсер етеді. Ол негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын сақтайды. Ал оңтүстік өңірлерде жағдай керісінше – мұнда баяу жылжып келе жатқан оңтүстік циклон ықпал етеді, күндізгі температура біртіндеп 10-15 градус жылыға дейін көтеріледі", – деп хабарлады синоптиктер.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, бұған дейін метеорологтар көктемгі ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олардың мәліметінше, алдағы маусым климаттық нормадан 1-2 градусқа жылырақ болмақ, бірақ температураның күрт өзгеруі күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама