"Қазгидромет" синоптиктері 25, 26 және 27 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады, 25-26 ақпан күндері оңтүстікте, 26 ақпан – 27 ақпан түнінде оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тау бөктерлерінде қар жауады. Жауын-шашынмен бірге желдің күшеюі, боран және көктайғақ күтіледі. Қазақстан бойынша тұман болжанған.
"Түнгі уақытта ауа температурасының төмендеуі күтіледі: солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында 8-18 градус аяз, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 5-12 градус аяз, шығыста 15-20 градусқа дейін көтеріледі, ал өңірдің оңтүстігінде 5 градус аяз болады", – делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!