Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

"Қазгидромет" 22-24 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" 22-24 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын болжады.

Олардың мәліметінше, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр жауады, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ және тұман күтіледі.

Тек Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.

Шығыс Қазақстанда 22 наурызда жауын-шашын күтіледі.

"23-24 наурызда Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, ал 24 наурызда Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жауын-шашын болады", - делінген хабарламада.

Алдағы күндері елдің әртүрлі өңірлерінде температура төмендеп, кей жерлерде минус көрсеткішке дейін жетеді.

Батыста түнгі температура 0-5 градустан 3-8 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 10-15 градустан 7-12 градус жылылыққа дейін түседі.

Оңтүстік-батыста түнде температура 2-10 градустан 0-8 градусқа дейін төмендейді, күндіз 10-18 градустан 5-13 градусқа дейін түседі.

Солтүстік-батыста түнгі температура 3-10 градус аяз, күндіз 2-12 градус жылы болады.

Солтүстікте түнгі температура 5-12 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін жоғарылайды, ал күндіз 0-5 градус жылылықтан 0-5 градус аязға дейін төмендейді.

Орталықта түнде 2-10 градус аяз, күндіз 0-8 градустан 0-5 градус аязға дейін салқындайды, ал өңірдің оңтүстігінде 1-6 градус жылы болады.

Шығыста түнгі температура 0-5 градустан 3-12 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 2-7 градус жылылықтан 3 градус аяз – 2 градус жылылыққа дейін төмендейді.

Оңтүстікте түнде 3-15 градус жылы, ал күндіз температура 17-26 градустан 8-18 градусқа дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети