Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазгидромет 29, 30, 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 29, 30, 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес алдағы күндері де кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне әсерін сақтайды. Бұл өңірлерде күн шуақты болады.

"Елдің батысында, оңтүстігінде фронтальды бөлімдер әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, сондай-ақ, тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады", - деді синоптиктер.

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 11 өңірдің тұрғындарына ескерту жасады.

28 наурызда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Астана қалаларында, түнде Петропавл қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети