Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 20, 21 және 22 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 20, 21 және 22 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райына циклондық әрекет әсер етеді, жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, дауыл күтіледі. Тек елдің шығысында, 20-21 мамырда оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"20 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысында, 22 мамырда күндіз Ақтөбе облысында жаңбыр күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста құмды дауыл болжанады. Елдің оңтүстік-батысы мен шығысында тұман болады", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстанда ауа температурасы қалай өзгереді

  • елдің батысы мен солтүстік-батысында күндізгі температура 18-28 градустан 15-25 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстігінде 20-26 градустан 20-29 градусқа дейін көтеріледі;
  • орталық пен шығыста 20-28 градустан 22-33 градусқа дейін көтеріледі;
  • оңтүстікте 25-35 градустан 28-38 градусқа дейін көтеріледі;
  • оңтүстік-шығыста 22-30 градустан қатты ыстыққа – 30-38 градусқа дейін көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама