Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 16, 17 және 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 16, 17 және 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыр және тұман

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне оңтүстік циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 16-18 қыркүйек аралығында республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.

Реклама
Реклама

Тек еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, ал кезеңнің соңында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Ауа температурасы қалай өзгереді?

  • Батыс: түнде +5...+16 градус, күндіз +18...+28 градус.
  • Солтүстік-батыс: түнде +1...+10 градус, кей жерлерде -1 градус үсік, күндіз +15...+23 градус.
  • Солтүстік: түнде +2...+10 градус, кей жерлерде -1 градус үсік, күндіз +15...+23 градус.
  • Орталық: түнде +2...+11 градус, күндіз +10...+20 градус.
  • Шығыс: түнде +1...+6 градус, кезең соңына қарай +2...+10 градус, күндіз +15...+20 градус.
  • Оңтүстік: түнде +8...+18 градус, күндіз +15...+25 градус.
  • Оңтүстік-шығыс: түнде +10...+18 градус, күндіз +15...+25 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама