Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері оңтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігін қамтиды. Ел аумағында қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, боран, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.

"Антициклон елдің солтүстік-батысы, солтүстігі мен орталығына ықпал етеді. Бұл аймақтарда тынық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - деп мәлімдеді синоптиктер.

Кезеңнің басында батыс және солтүстік облыстарда түнгі ауа температурасы -20…-35 градус аралығында болып, аязды ауа райы сақталады. Кейін түнгі температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі: елдің батысы мен солтүстігінде -7…-20 градусқа дейін, күндіз -2…-12 градусқа дейін жылынады.

Қазақстанның орталығы, шығысы және оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы -3…-18 градусқа дейін төмендейді, таулы аймақтарда -15…-23 градус болады. Күндіз 0…-7 градус, таулы өңірлерде -8…-15 градус шамасында болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.61  course up  555.95  course up  6.01  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети