"Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсерін сақтайды, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады.
"Тек оңтүстік облыстарда жауын-шашын, кей уақыттары қатты жауын-шашын күтіледі, негізінен жаңбыр түрінде. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары байқалады", - деп хабарлады синоптиктер.
Кезең соңында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасы 10–17 градус аязға дейін, күндіз 2–10 градус аязға дейін төмендейді. Түркістан облысында түнде 2–12 градус аяз, күндіз 2–7 градус жылы болады.
Республика бойынша тұман күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!