Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазақстанға суық антициклон жақындап келеді. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 8-10 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанға суық антициклон жақындап келеді. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 8-10 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінен фронталдық бөліктер өтеді. Осыған байланысты елімізде жаңбыр жауады деп күтіледі. 10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды және қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

"Оңтүстік өңірлерде құмды дауыл соғады. Солтүстік-батыс суық антициклоны еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін, күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градусқа дейін төмендеуіне әкеледі. Елдің қалған аумағында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети