Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2021 жылдың 27-29 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2021 жылдың 27-29 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамына сәйкес, аптаның басында Мәскеу аудандарынан келетін антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді. Салқын ауа массалары әсерінен күн салқындайды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Ел аумағында түнде ауа температурасы салқын, ал күндіз қалыпты болады деп күтіледі. Ал республика аумағындағы ауа райы төмен қысымды алаңға байланысты өзгереді. Осылайша 28 шілдеде батыс пен шығыста, 28-29 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысы және оңтүстік жартысында, 29 шілдеде орталықта күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жауады деп болжанды", - делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы түнде 8-16, ал күндіз 17-30 градусқа төмендейді. Орталықта және шығыста түнде 8-18 градусқа дейін, күндіз 22-30 градусқа дейін жылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети