Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, республикада қалыпты ауа райы күтіледі. Антициклон әсерінен Қазақстанның бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы орнайды.

"Тек шығыс пен оңтүстік-шығыстан фронталь бөліктер өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады және екпінді жел соғады. Ауа температурасы күндіз солтүстікте 23-30 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25-40 градус, орталық пен шығыста 17-35 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.

Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады, ауа температурасы 32-41 градус жылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети