25 қазан 2021 13:44

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 26, 27 және 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет 26, 27 және 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бұрқасын күтіледі. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман болады", - делінген хабарламада.

  • Батыста ауа температурасы түнде 0 градустан -5 градусқа дейін аяз, күндіз 3 градустан 15 градусқа дейін жылы болады.
  • Солтүстікте түнде ауа температурасы +7 градустан -7 градусқа дейін төмендейді , күндіз 0 градустан 15 градусқа дейін өзгереді.
  • Қазақстанның орталығында ауа температурасы +5 градустан түнде -7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2 градустан 16 градусқа дейін жылынады.
  • Шығыста түнде -3 градустан түнде +7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0 градустан 18 градусқа дейін жылы болады.
  • Оңтүстікте түнде -1 градустан +7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 8 градустан 22 градусқа дейін жылынады.
  • Оңтүстік-шығыста түнде -1 градустан +7 градусқа дейін өзгереді, күндіз +7 градустан +15 градусқа дейін жылынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети