ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2021 | 13:44
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды
Қазгидромет 26, 27 және 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет 26, 27 және 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бұрқасын күтіледі. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман болады", - делінген хабарламада.
- Батыста ауа температурасы түнде 0 градустан -5 градусқа дейін аяз, күндіз 3 градустан 15 градусқа дейін жылы болады.
- Солтүстікте түнде ауа температурасы +7 градустан -7 градусқа дейін төмендейді , күндіз 0 градустан 15 градусқа дейін өзгереді.
- Қазақстанның орталығында ауа температурасы +5 градустан түнде -7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2 градустан 16 градусқа дейін жылынады.
- Шығыста түнде -3 градустан түнде +7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0 градустан 18 градусқа дейін жылы болады.
- Оңтүстікте түнде -1 градустан +7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 8 градустан 22 градусқа дейін жылынады.
- Оңтүстік-шығыста түнде -1 градустан +7 градусқа дейін өзгереді, күндіз +7 градустан +15 градусқа дейін жылынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также