Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Солтүстік-Батыс циклон әсерінен Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінің басым бөлігінде, елдің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ, тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанған.

"Кезең аяғына қарай ауа температурасы біртіндеп төмендейді: түнде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 0...10 градусқа дейін аяз, күндіз 5 градус аяз - 5 градус жылы, оңтүстік-батыста түнде 2-7 градус, күндіз 5-10 градусқа дейін жылы, солтүстікте болса 2 градус аяз - 3 градусқа дейін жылы. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады: күндіз ауа температурасы 5...15 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Республика бойынша жел екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети