Қазақстанда алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" 28, 29 және 30 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" 28, 29 және 30 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Циклон Қазақстанға тұрақсыз ауа райын әкеледі

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда 29 тамызда солтүстік-батыс циклонының өтуіне байланысты елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады, ал 30 тамызда тұрақсыз ауа райы Қазақстанның оңтүстік-шығысын да қамтиды.

"Найзағай мен жауын-шашын күтіледі, 30 тамызда елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ аралас нөсер жаңбыр мен екпінді жел болжанады. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі", – деді "Қазгидромет" синоптиктері.

Ауа температурасы қандай болады?

Елдің батысында ауа температурасы +20…+31 градус, оңтүстік-батыста – +27…+35 градус шамасында болады. Сонымен қатар айтарлықтай салқындау күтіледі:

  • солтүстік-батыста – +23…+33 градустан +15…+23 градусқа дейін,
  • солтүстік өңірлерде – +30…+35 градустан +15…+23 градусқа дейін,
  • орталықта – +30…+37 градустан +18…+27 градусқа дейін,
  • шығыста – +22…+32 градустан +17…+28 градусқа дейін,
  • оңтүстікте – +30…+41 градустан +26…+35 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталады – +33…+38 градус, таулы аймақтарда – +23…+28 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети