Алдағы күндері Қазақстан аумағында бұлтты және жаңбырлы ауа-райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Алдағы күндері Қазақстан аумағында бұлтты және жаңбырлы ауа-райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, сәуір айына тән ауа райы атмосфералық процестердің жылдам ауысуы және жауын-шашынның көп мөлшері алдағы үш тәуліктеде сақталады. 13 сәуірде республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында суық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, таулы аймақтарда жаңбыр, сулы қар және екпіні күшті жел соғады.
"Батыс облыстарында салқын атмосфералық фронттардың артынан, Кавказ өңірлерімен антициклон ауысады. Алайда, Жерорта теңізі мен Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарда циклондар қалыптасып, еліміздің шығыс аймақтарында антициклондар ауысып, солардың әсерінен Қазақстанның батыс бөліктерінде, 15 сәуірде циклондар әсерінде болып жауын-шашын, найзағай күтіледі және оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді", - делінген хабарламада.