30 қазан мен 1 қараша аралығында Қазақстанда күн жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
30 қазан мен 1 қараша аралығында Қазақстанда күн жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
"Республиканың солтүстік облыстарына қар мен батыстың күшті желін әкелген атмосфералық таралымдар Қазақстанның шығыс облыстарына ауысады, ал 31 қазанда оның аумағынан алысқа кетеді. Біздің аумақта жоғары атмосфералық қысым өрісі - антициклон қалыптасады", - деп хабарлайды "Қазгидромет" мамандары.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың көп облысында бұлты аз ауа райы қалыптасады. Түнгі мезгілде аяз болады, ол әсіресе Қазақстанның орталығында байқалады (10-18 градус нөлден төмен). Күндіз ауа температурасы 0-5 градус жылы аралығында, ал оңтүстік өңірлерде 8-15 градус нөлден жоғары болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда алдағы қыс жылдағымен салыстырғанда суығырақ болатыны хабарланған еді. Күздің соңына дейін әлі де болса, жылы күндер сақталады - қарашаның бірінші жартысында ауа температурасы жоғарылайды. Содан кейін аязды күндер басталып, толассыз жауатын қармен ауысып отырады. Солтүстікте, шығыс және орталық өңірлерде түнде ауа температурасы 30 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде 20 градусқа дейін төмендейді.