Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктер 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктер 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың бірқатар облысында жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрған антициклон демалыс және мереке күндері бұзылады және солтүстік-шығыс Шығыс Сібірге ауысады. Оның орнына батыстан және оңтүстіктен атмосфералық фронттар келеді.
"Қазақстанның барлығына дерлік аумағында найзағайлы өткінші жаңбыр күтіледі, найзағай кезінде екпінді желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге жетеді. Дегенмен, жаңбырға қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары болады, ал оңтүстікте күндізгі температура 25-35 градусқа жетеді", - деп хабарлады метеорологтар.
Айта кетейік, қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады. 1 мамырда - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамырда - Отан қорғаушылар күні және 9 мамырда Жеңіс күні. Жеңіс мерейтойы осы жылы демалыс күніне түседі, сондықтан Қазақстан заңнамасына сәйкес, 9, 10 күндерден бөлек, 11 күні - дүйсенбі демалыс саналады.