10 маусым 2015 | 18:46

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы бұзылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kattrys.ru © kattrys.ru

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Ресейдің Еуропалық аудандарының солтүстік-батысынан ылғалдың үлкен қорымен суық ауа массаларының келуі Қазақстанның көптеген облысына жауын алып келді, әсіресе Алматы облысында жаңбыр өте қатты жауды, ал Іле Алатауына қар түсті.

"Оңтүстік Оралда жаңа суық фронт байқалады, онымен бірге жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар, солтүстік-батыс желі күшейіп, жылдамдығы секундына кей жерлерде 18-23 метрге дейін жетеді, ал Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында екпінді жел секундына 28 метр жылдамдықпен соғады деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.

Метеорологтардың хабарлауынша, атмосфералық фронттың жылжу шамасына қарай, 12-13 маусымда осы құбылыстардың барлығы оңтүстік және шығыста күтіледі, ал Қазақстанның оңтүстік-шығыс аудандарына суық фронт пен жаңбыр сенбі күні жетеді.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети