Қазақстанда алдағы үш күнде аязды және ашық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Қазақстанда алдағы үш күнде аязды және ашық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық өңірі антициклон өрісінде болады, осыған байланысты күн ашық, ауа температурасы қалыптыдан 2-7 градусқа төмен болады. Тек солтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, жел тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ал температура осы маусымның көпжылдық орташа деңгейіне жақын болады", - делінген хабарламада.
Астана әкімдігінің сайтында 9 желтоқсанда бас қалада күннің көшпелі бұлтты болатыны, ал түнде және таңертең аздап қар жауатыны хабарланды. Батыстан, оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 17-19 градус аяз, ал күндіз - 13-15 градус аяз болады. 10 желтоқсанда күн көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын болмайды, оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы - 9-14 метр. Түнде температура 23-25 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз болады. 11 желтоқсанда ауыспалы бұлтты, күндіз қар жауады, оңтүстік батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, ал күндіз 15-20 метрге жетеді. Түнде 15-17 градус аяз, күндіз 7-9 градус аяз болады.
Осыған дейін Астанада ауа райы қандай болған жағдайда мектептер мен колледждерде сабақтардың тоқтатылатынын хабарлаған болатынбыз.