23 қыркүйек 2015 | 17:03

Қазақстанда әлеуметтік төлем механизмі өзгереді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, республикада әлеуметтік жәрдем жаңа форматқа өтеді. Министрдің айтуынша, заң жобасы әлеуметтік саладағы екі маңызды өзгерісті көздейді. Бірінші - азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдерге қолжетімділікті арттыру. Екіншіден, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейту.

"Бірнеше әлеуметтік жәрдемақыны біріктіру арқылы бір жәрдемақы белгілеу қарастырылады. Бұл мүгедек және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты жәрдемақыға қатысты. Бүгінде бұл санаттағы азаматтарға екі түрлі әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған. Осыған байланысты мемлекет тарапынан кепілдендірілген мүгедектігі бойынша тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақы. Мұның мөлшері күнкөріс деңгейі есебіне байланысты анықталады. Екіншісі, 1999 жылдан бері натуралды жәрдемнің орнына беріліп келе жатқан арнаулы әлеуметтік жәрдемақы. Бұл жәрдемақыны есептеу базасы айлық есептік көрсеткішке тәуелді", - деді Дүйсенова.

"Мысалы бірінші топтағы мүгедек азаматқа қазіргі кезде 30 мың 337 теңге кепілдендірілген мүгедектігі бойынша жәрдемақы және 2954 теңге мөлшерінде арнаулы жәрдемақы төленеді. Сонда жәрдемақының жалпы сомасы 33 мың 291 теңге болып отыр. Заң жобасына сәйкес, осы азаматқа 33 мың 291 теңге көлеміндегі мүгедектігі бойынша бір ғана жәрдемақы тағайындалатын болады және бір пакет құжаттар тізімі енгізілетін болады", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің отбасының әр мүшесі үшін 50 пайызын ғана алатын жанұяларға әлеуметтік жәрдемнің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer