Қазақстанда алғаш рет фармкомпания EcoVadis күміс медалін алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алғаш рет фармкомпания EcoVadis күміс медалін алды Фото: "Медсервис плюс" Қазақ фармацевтика компаниясы" ЖШС

"МЕДСЕРВИС ПЛЮС" EcoVadis күміс медалін алған және орнықты даму жөнінен топ-15 пайыз әлемдік көшбасшылар қатарына енген Қазақстанның бірінші фармацевтика компаниясы болып отыр. Халықаралық бағалауға дайындық барысында AstraZeneca Kazakhstan және KPMG Caucasus and Central Asia сарапшылары қолдау көрсетті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"МЕДСЕРВИС ПЛЮС" EcoVadis күміс медалін алған және орнықты даму жөнінен топ-15 пайыз әлемдік көшбасшылар қатарына енген Қазақстанның бірінші фармацевтика компаниясы болып отыр. Халықаралық бағалауға дайындық барысында AstraZeneca Kazakhstan және KPMG Caucasus and Central Asia сарапшылары қолдау көрсетті.

Орнықты даму саласындағы EcoVadis халықаралық рейтинг компаниясының тәуелсіз бағалауы бойынша, "МЕДСЕРВИС ПЛЮС" Қазақ фармацевтика компаниясы" ЖШС ESG жоғары рейтингін иеленді (100 баллдан 76 немесе 94 процентиль). Бұл компанияға орнықты даму саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың 15%-ы қатарына еніп, күміс медаль иеленуге мүмкіндік берді. Компания өкілдерінің айтуынша, МЕДСЕРВИС ПЛЮС мұндай марапатқа ие болған Қазақстандағы бірінші фармацевтика ұйымы.

Компания өкілдерінің сөзінше, EcoVadis бағалауына дайындық кезінде KPMG Caucasus and Central Asia сарапшылары қолдау көрсеткен. Мамандар орнықты дамуға бастайтын жүйелі жол құруға көмектескен: диагностика жасаған, экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқаруды біріктіретін ESG стратегия дайындаған. Стратегия компанияның орнықты даму мен ашықтықты ұстанатынын көрсетеді. Сонымен қатар, парниктік газдардың шығарындысын есептеу және көмірсутек шығарындысын төмендету бағдарламасы даярланған. EcoVadis күміс медалі жаһандық стандарттарға сәйкес ESG тәжірибесінің жоғары деңгейін нақтылайды.

"Бұл біз үшін жай ғана марапат емес, орнықты даму жолында таңдаған бағытымыз дұрыс екенінің дәлелі. Біз бұл жетістікті бүкіл команданың жеңісі әрі жаңа өршіл мақсаттарға қарай жасалған маңызды қадам деп қарастырамыз. Халықаралық AstraZeneca Kazakhstan биофармацевтика компаниясына жемісті әріптестік үшін айрықша алғыс айтамыз, осы байланыстың арқасында ауқымды бастамаларды енгізуге және орнықты даму бағытын нығайтуға жол ашылды", – деді МЕДСЕРВИС ПЛЮС басқарма төрағасы Жанат Умаров.

Компанияның серіктесі, KPMG Caucasus and Central Asia орнықты даму тәжірибесінің жетекшісі Ғабит Мүсірепов фармацевтика секторына орнықтылық жөнінен жоғары талаптар қойылатынын айтты.

"Жеткізу тізбегінің күрделі болуы, суықтай жеткізу логистикасының қажеттігі, қатаң реттеу стандарттары мен қоғамның айрықша назар аударуы ESG тәжірибені стратегиялық қажеттілікке айналдырады. МЕДСЕРВИС ПЛЮС тәжірибесі қазақстандық бизнестің бәсекеге және халықаралық талапқа сәйкес келуге дайын екенін көрсетеді", – деді Мүсірепов.

МЕДСЕРВИС ПЛЮС өкілдері фармкомпанияның өндіріс алаңы және 28 жылдық тәжірибесі бар, Қазақстандағы жоғарыдан интеграцияланған жетекші фармацевтика дистрибьюторы екенін еске салады. Компания әлемдік деңгейдегі 320 өндірушімен әріптестік байланыс орнатқан, 7 900-ден астам атаулы өнімді таратады, 14 филиалы бар.

KPMG – бүкіл әлем бойынша аудит, салық және консалтинг қызметін көрсететін ірі кәсіби фирмалар желісінің бірі. KPMG CCA компанияларға ESG стратегия жасауға, қаржылық емес есептерді дайындауға және халықаралық рейтингтерден өтуге қолдау көрсетеді.

Tengrinews
Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети