Ағымдағы жылдың соңына дейін "Күрті - Бурлыбайтал" жол учаскесінің 45 шақырымын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Ал келесі жылда аталған жолдың құрылысы басталып, ол жерде алғаш рет жылы асфальт-бетон қоспаларын пайдалану жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне сілтеме жасап.

"Бұл технология әдеттегідей ыстық қоспаларға ұқсас жылы асфальт-бетон қоспаларын алуға мүмкіндік береді. Оның басты артықшылығы – энергияны 25 пайызға, ал жол құрылысына жұмсалатын шығынды 5 пайызға үнемдеуге болады. Сондай-ақ ол технология атмосфераға тарайтын зиянды түтін мен газдың мөлшерін барынша азайтып, еңбек жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Айта кеткен жөн, өткен жылы елімізде қара шағылтаспен өнделген жамылғы технологиясын алмастыратын және жолдың жөндеу аралығын 2-3 жылға ұлғайтатын "микросюрфейсинг" технологиясы сынақтан өткен. Сонымен қатар, монолитті темір-бетон көпірлерді салу құрылыстары бойынша сынақ жұмыстары да өткізілді. Оның барлығы құрылыс құнын 30 пайызға арзандатады.
Жалпы, бүгінде "Қазжол" ғылыми-зерттеу институты 40 учаскеде инновациялық материалдар мен технологияларды сынақтан өткізуде. Зерттеу нәтижесі бойынша ол технологияларды жол құрылысында қолдану мәселесі қарастырылатын болады.