09 қараша 2022 | 11:26

Қазақстанда алқабилер сотының өкілеті кеңейеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мәжілісте Қазақстанда алқабилердің өкілеттіктерін кеңейтетін заң жобасы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжілісте Қазақстанда алқабилердің өкілеттіктерін кеңейтетін заң жобасы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов "алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы Президент Жолдауын орындау үшін әзірленгенін атап өтті.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 35-ке дейін, ал 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, аса ауыр ғана емес, құқық бұзушылықтардың басқа да құрамы бойынша 43-ке дейін ұлғаятын болады.

"Қазақстанда алқабилер соты 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда алқабилер қараған істердің 10 пайызына дейін ақтау үкімін шығарады. Жалпы соттарда бұл көрсеткіш 1,5-2 пайыз. Сот алқабилер істері бойынша соталды тергеп-тексерудің сапасы анағұрлым жақсы, сот талқылауында тараптар белсендірек. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алқабилер сотына тағы 13 ауыр және онша ауыр емес қылмыс құрамын беру ұсынылады", - деді Әбдірашит Жүкенов.

Бұл істерге мыналар жатады:

- адамның тіндері мен мүшелерін алуға мәжбүрлеу;
- азаптау;
- рейдерлік;
- екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау;
- ауыр зардаптарға әкеп соққан балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз өндіру;
- заңсыз аң аулау;
- екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын пайдалану;
- Көлік құралдарын мас күйінде басқаратын адамдардың ЖҚЕ бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалануы;
- адамның өліміне әкеп соқтырған мас күйінде көлікті басқару.

Жоғары сот өкілінің айтуынша, заң жобасын қабылдау Соттардың қызметін жетілдіруге, соттарға деген сенім деңгейін арттыруға, сот төрелігін іске асыру рәсіміне азаматтық қоғамның қатысуын жандандыруға, қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыруға, сот төрелігін іске асыру нәтижелерінен қанағаттану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети