Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына сәйкес, Мемлекет басшысының жарлығымен төмендегі азаматтар әкімдікке тағайындалды:
Ахметжан Смағұлұлы Есімов – Алматы қаласының әкімі;
Сергей Витальевич Кулагин – Ақмола облысының әкімі;
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Ақтөбе облысының әкімі;
Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі;
Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов – Атырау облысының әкімі;
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Батыс Қазақстан облысының әкімі;
Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев – Жамбыл облысының әкімі;
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков – Қарағанды облысының әкімі;
Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов – Қостанай облысының әкімі;
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;
Алик Серікұлы Айдарбаев – Маңғыстау облысының әкімі;
Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Павлодар облысының әкімі;
Ерік Хамзаұлы Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әділбек Жақсыбековтің Астана әкімі болып қайта сайланғаны хабарланған болатын. "Бүгін елордада бесінші шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс 51-ші сессиясы өтті. Күн тәртібіне елорда әкімін тағайындау мәселесі шығарылды. Сессия барысында халық қалаулылары Мемлекет басшысының Астана қаласының әкімі қызметіне Әділбек Жақсыбековті тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады", - деп хабарлады елорда әкімдігіндегілер.