Қазақстанда ана өлімінің күрт өсімі коронавирусқа байланысты - ДСМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ана өлімінің күрт өсімі коронавирусқа байланысты - ДСМ Фото: pixabay.com

Қазақстанда ана өлімінің күрт көбеюі жаз мезгілінде өршіген коронавирус инфекциясына байланысты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ана өлімінің күрт көбеюі жаз мезгілінде өршіген коронавирус инфекциясына байланысты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ажар Ғиният Ақтөбе облысында ана өлімінің санын азайту бойынша Республикалық отырыс өткізді. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы ана өлімі 2,8 есе өсті деген сөзіне қатысты пікір білдірді. Өткен жылы Қазақстанда 156 ана қайтыс болған. 

"Ана өлімі былтыр жаз мезгілінде күрт көбейді және ол коронавирус инфекциясына байланысты. Пандемия салдарынан денсаулық сақтау саласына қиын болды, ең бірінші кезекте әйел адамдарға көмек көрсетуге арналған жедел жәрдем қызметі зардап шекті", - деді Ажар Ғиният. 

Оның айтуынша, 2020 жылы биыл бала туу саны былтырмен салыстырғанда 22 298-ге көп және жүкті әйелдер саны да 21 147-ге көп. 

"Мемлекет басшысы аймақ әкімдерімен бірлесіп денсаулық саласындағы барлық мекемені түгендеуді, басты назарға босандыру және реанимация қызметін алуды, оларды медициналық жабдықпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тапсырған болатын", - деді вице-министр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети