Қазақстанда әншілер мен саясаткерлер 900 литрге жуық қан тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда әншілер мен саясаткерлер 900 литрге жуық қан тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық қан орталығы Қызыл Жарты Ай және "Бауыржан" қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырған "Қан өткізіп, донор бол" акциясы аясында танымал қазақстандықтар қан өткізді. Олар - депутаттар, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, спортшылар, саясаткерлер және басқа да ниет білдірген азаматтар.
"Биылғы акцияға қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, продюсер Гүлвира Илахунова, әнші Әли Оқапов, саясаттанушы Досым Сәтпаев және өзге де танымал адамдар қатысты. Акция басталғалы 1,6 мыңнан аса донор қан өткізді. 2015 жылдың ерекшілігі Hot Blood challenge акциясы болды. Оның ережесі бойынша қан өткізген адам әріптестеріне және достарына эстафета береді. Олар 24 сағат ішінде сол іс-әрекетті қайталап, видеоға түсіруі тиіс. Бас тартқан жағдайда "Бауыржан" қоғамдық қорына 10 доллар мөлшерінде қаражат аударуы керек", - делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, жиналған қаражат әрі қарай онкологиялық науқас балаларды емдеуге бағытталады. Айта кетейік, Алматыда жыл басынан бері "Сенің күнің, Донор!", "Мейірімділік эстафетасы" және тағы да басқа бірқатар акция ұйымдастырылып, 1 мыңнан аса адам тегін қан тапсырды. Жыл сайын қан қызметі 200 мыңдай литр қан дайындап, 300 мыңға тарта донация жасалады. Орташа есеппен бір жылда 220 мың адам донор болады.