Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарға қатысты мәліметтер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарға қатысты мәліметтер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысы - 3 жағдай:
Науқастардың бірі - Қарағанды қаласындағы 6 айлық бала. Оның ата-анасы жұқтырғандардың қатарында, жұқпалы госпитальда болған. Бала провизорлық госпитальде болды.
Екінші науқас - Қарағандының 41 жастағы тұрғыны. Соның ішінде жақын байланыстар бұрын жұқтырылған. Провизорлық госпитальде болды.
Үшінші науқас - Теміртаудың 19 жастағы тұрғыны. Ол да жұқтырғандармен жақын байланыста болған.
Павлодар облысы - 2 жағдай:
Бірінші науқас - Екібастұздың 1949 жылғы тұрғыны. Ол бірден провизорлық госпитальға жеткізілген. Ер адамның айтуынша, бес күн бойы ауырса да, медициналық көмекке жүгінбеген.
Екінші науқас - Павлодар қаласының 1978 жылғы тұрғыны.
15 сәуірде ол ЖРВИ диагнозымен провизорлық пульмонологиялық госпитальға жеткізілді. Әйелдің айтуынша, ол шетелге шықпаған, КВИ жұқтырғандармен байланыста болмаған,
Қызылорда облысы - 9 жағдай:
Науқастардың барлығы Жаңақорған ауданының тұрғындары.
Ауру жұқтырғандардың үшеуі - 30-53 жас аралығындағы әйел адамдар. Алтауы - ер адамдар, олардың арасында ең үлкені 83 жаста.
8 адам коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болып жұқтырған. Ал 1 адамның індетті қалай жұқтырғандығы бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1470-ке жетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!