Қазақстанда жол-көлік оқиғалары саны 9 пайызға жуық көбейген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстанда жол-көлік оқиғалары саны 9 пайызға жуық көбейген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.
Статистикаға сәйкес, елімізде 2022 жылдың 9 айында 10,2 мыңға жуық жазатайым оқиға болып, соның салдарынан 15 мыңнан аса адам зардап шеккен. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 8,9 пайызға көбейген.
"1,7 мың адам қаза болды (21 пайызға өсті), оның 181-і кәмелетке толмаған балалар, 457-сі әйелдер және 1258-і ер адамдар. ЖКО-да зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 19,9 пайыз (3007). Олар негізінен, автокөлік құралдарының соқтығысуынан зардап шегеді", - делінген хабарламада.
Комитет мәліметінше, 542 қоғамдық көліктің қатысуымен 532 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 70 адам қаза тауып, 783-і жарақат алған (былтыр 446 қоғамдық көліктің қатысуымен 436 жол-көлік оқиғасы болып, 61 адам қаза тауып, 590-ы жарақат алған).
Көбісі немесе 7471 (675) жол-көлік оқиғасы елді мекендерде, 1918 (1702) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында, 869 (870) облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген.
Жол-көлік оқиғаларының ең көп саны дүйсенбіде - 1567, сенбіде - 1538 және сейсенбіде - 1493, сондай-ақ күндіз - 6253, түнде - 1157 және ымыртта 1662 болған.
Көбіне апат құрғақ жолда - 7864, ылғалды - 674, қарлы - 309, көктайғақ жолда 115 болады.
"Апаттардың ең көп саны Алматы жолдарында - 2620 жағдай, ал ең көп өлім көрсеткіші Алматы облысында болған, онда 327 адам қаза болды. Елордада 495 ЖКО тіркелді. Ең аз жол-көлік оқиғасы Солтүстік Қазақстан облысында - 221 және Шымкент қаласы жолдарында - 217", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!