Қазақстанда аптап қашан басылады?

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда аптап қашан басылады? pixabay.com

20 және 21 шілдеде Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде ыстық басылады, күн күркіреп, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 және 21 шілдеде Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде ыстық басылады, күн күркіреп, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

Клайда еліміздің қалған аумағында 20 және 21 шілдеде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атырау, Павлодар, Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 38 градусқа жетеді.

Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өте ыстық болады деген болжам бар.

Қызылорда облысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде сынап бағанасы 46 градусқа жетеді.

Сондай-ақ, қатты ыстық Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында сақталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети