20 тамыз 2014 | 21:03

Қазақстанда аптап тамыздың 21-23-іне дейін сақталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстанда аптап ыстық тамыз айының 21-23-іне дейін сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда аптап ыстық тамыз айының 21-23-іне дейін сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап. 

Алдағы үш тәулікте республика бойынша ауа температурасы қалыптыдан 5-10 градусқа дейін жоғары болады. Соған қарамастан еліміздің барлық өңірлерінде жауын жаумайды. Күндізгі уақытты термометр 30-38 нөлден жоғары болса, ал оңтүстік аймақтарды ауа температурасы 34 градустан 42 градусқа дейін көтеріледі. "Айта кетейік, батыс өңірлерде өткінші жаңбыр жауғанымен облыста 30-34 градус ыстық сақталады", - деп метеорологтар Қазақстандағы ауа райын болжамы жайында өздерінің болжамын айтты. Астанада алдағы үш тәулікте температураның ең жоғарғы көрсеткіші 35 градусқа дейін жететін болса, ал Алматыда 36 градус көрсетпек.

Еске саламыз, аптап ыстық ауа температурасының сақталуына байланысты Қазақстанда ескерту жасалған болатын. 19-21 тамызда Атырау және Маңғыстау облыстарында ауа температурасы 40-тан 43 градусқа дейін көтеріледі деп болжанған. Синоптиктер Ақтөбе облысы, Қостанай облысының оңтүстігі, Қарағанды облысының батысында ауа температурасы 37-42 градус аралығында болады деп болжаған болатын.

Атап өтейік, Қазақстандағы ыстық ауа райы температурасы осы аптада сәл-пәл салқын ауа жүріп өткеннен кейін қайталанып отыр. Синоптиктер аптап ыстықтың орын алуына салқын ауа циклонының Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай өтуімен байланыстырады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети